Материалдарды пайдалану ережесі

Құрметті сайт пайдаланушылары!

https://bayseitova.kz/ интернет-ресурсында орналастырылған материалдар ғылыми-зерттеу, білім беру және ағартушылық мақсаттарға арналған.
Материалдарды орналастыру, жүйелеу және оларға қолжетімділік беру Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына, атап айтқанда авторлық құқық объектілерінің құқықтық режимін, оларды пайдалану шарттарын және құқықтық қорғау тетіктерін реттейтін Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына (соның ішінде 3, 21, 49-баптар) сәйкес жүзеге асырылады.
«Әдебиеттер» бөлімін қалыптастыру дереккөздердің хронологиялық және құқықтық мәртебесін ескеру негізінде жүзеге асырылады:
• 1958 жылға дейін жарияланған басылымдар авторлық құқықты қорғау мерзімінің (автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл) аяқталуына байланысты қоғамдық игілікке өткен деп қарастырылады және толық мәтіндік форматта (PDF) ұсынылады;
• 1958 жылдан кейін жарық көрген материалдар қолданыстағы авторлық құқықпен белгіленген шектеулерге байланысты тек библиографиялық сипаттама түрінде орналастырылады.
Аталған жарияланымдардың үзінділерін алу kaznui.edu.lib@mail.ru электрондық поштасына жолданатын жеке сұраныс негізінде мүмкін. Материалдарға қолжетімділік шектеулі көлемде және қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылады.
Мәтіндердің түпнұсқалығы мен ғылыми сенімділігін қамтамасыз ету – ресурс қызметінің басым қағидаты. Түпнұсқа материалдардың мазмұнын өзгертуге, олардың мағыналық құрылымын бұрмалауға немесе дұрыс емес түрде қайта ұсынуға жол берілмейді және бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде академиялық дәйексөз келтірудің белгіленген нормаларын сақтай отырып, дереккөзді міндетті түрде көрсету қажет.
https://bayseitova.kz/ сайтына Күләш Байсейітоваға қатысты қосымша деректер, ғылыми мәліметтер, сондай-ақ ұсыныстар мен түзетулеріңіз болған жағдайда, kaznui.edu.lib@mail.ru электрондық поштасына жолдауларыңызға болады. Ұсынылған материалдар ғылыми тұрғыда қарастырылып, сайт мазмұнын толықтыру мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Біз ынтымақтастыққа әрқашан ашықпыз.