Өмірбаяны

1912 ж. – 2 мамырда Верный қаласында (қазіргі Алматы) дүниеге келді. Шын есімі – Гүлбаһрам, тұрмысқа дейінгі тегі – Бейісова.

1925-1927 жж. – Алматы тәжірибелік-көрсеткіш мектебінде оқыды, пионер ұйымына қабылданып, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысты.

1927 ж. – Қазақ ағарту педагогикалық институтының даярлық бөліміне оқуға түсіп, комсомол қатарына өтті.

1929 ж. – отбасылық жағдайына байланысты оқуын тастауға мәжбүр болды.

1929 ж. – Казкрайсоюзда іс жүргізушінің шәкірті болып жұмыс істеді, сонымен қатар Совторгқызметкерлер клубы жанындағы көркемөнерпаздар өнеріне қатысты.

1929 ж. – Қазақ драма театрының (қазіргі М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) труппасына төмен жалақымен (36 рубль) қабылданып, сахналық қызметін бастады.

1930-1933 жж. – Қазақ драма театрында актриса болды; актерлік шеберлік пен музыкалық сауаттылықты қатар меңгеріп, драмалық рөлдер орындады.

1933 ж. – Мемлекеттік музыкалық студия ұйымдастырылып, оның алғашқы қатысушыларының бірі әрі Қазақ мемлекеттік музыкалық театрының негізін қалаушылардың бірі болды (Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің 1933 жылғы 8 қыркүйектегі Жарлығы).

1934 ж. – Қазақ мемлекеттік музыкалық театрының (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) труппасына қабылданды.

1934 ж. – қазақ музыкалық өнерін дамытудағы еңбегі үшін «Қазақ АКСР-інің еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді (ҚазОАК Президиумының 1934 жылғы 21 маусымдағы қаулысы).

1936 ж. – «КСРО Халық әртісі» атағы берілді (КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1936 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысы).

1936 ж. – Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің қатысушысы.

1936 ж. – Қазақ опера өнерін дамыту ісіндегі еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды (КСРО ОАК-нің 1936 жылғы 27 мамырдағы қаулысы).

1938-1946 жж. – Алматы қаласындағы №9 Тастақ округінен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің I шақырылым депутаты (1938 жылғы 24 маусымдағы сайлау қорытындысы бойынша).

1939 ж. – Қазақ опера және балет театрындағы сахналық және вокалдық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары бағаланды (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ КСР-нің халық және еңбек сіңірген әртісі атақтарын беру және Қазақ опера және балет театрының әртістерін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапаттау туралы» 1939 жылғы наурыздағы Жарлығы).

1941 ж. – майдан шебінде өнер көрсетті (фронттық бригада құрамында 64 концерт берді).

1941 ж. – Қазақстан Коммунистік партиясының (большевиктер) кандидаты (ҚКП (б).

1944 ж. – режиссер Загид Сабитовтың «Концерт пяти республик» музыкалық фильм-концертіне қатысты (Фильм Ташкентте өткен Орта Азияның бес республикасының өнер фестиваліндегі нөмірлердің жазбасынан құралған).

1945 ж. – «Ленин» орденімен марапатталды (КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 30 қарашадағы Жарлығы).

1945 ж. – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды (КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалін тағайындау туралы» №9 Жарлығы, Мәскеу, Кремль, 1945 жылғы 6 маусым).

1947 ж. – Алматы қаласының Киров округінен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің II шақырылым депутаты болып сайланды (1947 жылғы 16 ақпандағы сайлауда).

1948 ж. – концерттік-орындаушылық қызметі саласындағы 1947 жылғы үздік еңбектері үшін 50 000 рубль мөлшеріндегі II дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды (КСРО Министрлер Кеңесінің 1948 жылғы 21 сәуірдегі қаулысы).

1949 ж. – Біржан мен Сара спектакліндегі басты партияны орындағаны үшін 50 000 рубль мөлшеріндегі II дәрежелі Сталин сыйлығымен марапатталды (КСРО Министрлер Кеңесінің 1949 жылғы 10 сәуірдегі қаулысы).

1949 ж. – Кеңес Одағының Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі болып, бейбітшілікті жақтаушылардың II дүниежүзілік конгресіне (Варшава, 1950 жыл, қараша) кеңестік делегация құрамында қатысты.

1949 ж. – Қазақ театр қоғамының ұйымдастырушысы әрі тұрақты жетекшісі.

1950 ж. – Гори қаласында және Грузия астанасы Тбилисидегі концерттік қойылымдар.

1950 ж. – азат етілген Синьцзян өлкесіне сапары.

1951 ж. – Алматы қаласының Алма-Ата (Андреев) округінен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің III шақырылым депутаты (1951 жылғы 18 ақпандағы сайлауда).

1951-1957 жж. – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі.

1954 ж. – Моңғол Халық Республикасына делегация құрамында барып, 30 жылдық мерейтойға қатысты.

1957 ж. – Мәскеудегі гастрольдік концерт.

1957 ж. – 6 маусымда Мәскеуде гастроль кезінде қайтыс болды, өмірінің соңына дейін театрдың жетекші солисі болды.

1957 ж. – 8 маусымда Алматы қаласындағы Орталық зиратқа жерленді.